Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына сотталғандар көмектесуде

Ертіс өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына сотталғандар көмектесуде

ОВ 156/16 колониясының қызметкерлері қала кәсіпорындарына 10-нан астам жазасын өтеушілерді жұмысқа орналастырды, олар бүгінде қоғамға өз үлестерін қосуда.
Сотталғандар жағалау жиегін жабуға, сондай-аақ Ертіс өзені арнасының жағалауын бекітуге арналған тақталар дайындап шығарады. Мұнда жағалау бойының жалпы ұзындығы 2500 метрден асады.
Жоба әлеуметтік маңызды болып табылады және су басу қаупінің алдын алады. Жазасын өтуші Илья (аты өзгертілді) ҚР ҚК 245-бабы бойынша сотталған. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
- Тағдырдың тәлкегімен ол бас бостандығынан айыру орындарына түсті. Сот тағайындаған жазаны өтей отырып, мен туып-өскен қалама өз үлесімді қосамын. Бүгінде жалақы алып, талап-арыздарымды өтеймін, сондай-ақ өз жұмысыммен айналысуға мүмкіндігім бар, - дейді сотталған Илья.