
Есепте тұрған сотталған инспекторға баланы спорт секциясына беруге мүмкіндігі жоқ екенін айтты.
- Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде біз екі баласы бар отбасы тұратынын анықтадық. Ұл балалардың жасы 10 және 7 жаста. Сотталған қазіргі таңда жүк тиеуші болып жұмыс істейді, түзелуге тырысады, сондай-ақ жазаны өтеу тәртібін бұзбайды. Отбасы кедейлер санатына жатады. Біз «JENIMPAZ» үстел теннисі орталығының басшылығымен байланысқа шығып, баланы қабылдауды сұрадық. Олар біздің ұсынысымызды қабылдады. Қазір бала жаттығуларға жиі қатысады. Жаттықтырушының айтуынша, баланың талпынысы жақсы, жаттығуларды жібермейді және чемпион болуды армандайды, – деді Павлодар қаласының пробация қызметінде.