
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ИЧ-167/4 әйелдер колониясында сотталғандар «Ата-ананың разылығы» спектаклін ұйымдастырды, қойылымының көрермендері Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» маманы, Қарабұр мешітінің имамы, аумақтық ҰҚК департаментінің өкілдері, мекеме бастығы және ҚАЖ департаментінің қызметкерлері болды.
- Шымкенттің әйелдер колониясының сотталғандары іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерінде өздерінің шығармашылық тәсілдерімен ерекшеленіп, бастамаларды жиі көтереді. Біз барынша бастамаларға қолдау көрсетуге және де көмектесуге тырысамыз. Тәрбиелік процесс - бұл тек лекциялар мен әңгімелер туралы ғана емес, бұл ең алдымен адамдардың бойына құндылықтарды жеткізу қабілеті туралы, әсіресе сотталғандар осындай шығармашылық іс-шараға қызығушылық танытқан кезде бұл шара өте маңызды болады, – деп бөлісті колония бастығы Айнұр Әділбекова.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеушілер үшін отбасылық құндылықтар күшін жиі жоғалтады. Спектакль барысында сотталған әйелдердің рөлдері оларға қаншалықты әсер еткені анық байқалды. Отбасылық және туыстық байланыстары жоқ сотталғандар үшін оларға түсіністікпен қарау маңызды. Жазаның ұзақ мерзімінен кейін қайта әлеуметтену шаралары бойынша осылай айтуға болады, деп түсіндірді аумақтық ҰҚК департаментінің өкілі Н. Сәрсембаев.
Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы И. Айтаевтың пікірінше, дін мәселелері туралы бағытта ең маңыздысы, төзімділік ұғымын түсіндіру болып табылады. Сондай-ақ, Айтаев басқа ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жетік меңгергенін атап өтті.