Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері медиа тренингке қатысты

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД қызметкерлері медиа тренингке қатысты

Бұқаралық ақпарат құралдарын төртінші билік деп атайды, өйткені БАҚ қоғамдық санаға күшті әсер етеді, бұл өз кезегінде қоғамдық пікірді қалыптастыруда шешуші рөлдердің бірін атқарады. Қоғамдық пікір қоғам өмірінің барлық облыстарында және салаларында бар.
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыруға және оның қызметінің ашықтығын күшейтуге, құқық қорғау органдарының оң имиджін жасауға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментімен оның бөлімшелерінің қызметін, департаменттің жауапты қызметкерлері белсенді жария етіп, жүзеге асырады.
Осылайша, сапалы және кәсіби баспасөзді дамыту, медиа-қоғамдастықтың мүдделерін ілгерілету мақсатында, 27 қазанда «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде «Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорымен және К.Аденауэр атындағы қордың қолдауымен баспасөз қызметтерінің қызметкерлері мен мәслихаттар депутаттарына арналған «Тиімді коммуникациялар: тәжірибе, заңнама, халықаралық тәжірибе» тақырыптарында тренинг ұйымдастырылды, оған ҚАЖ департамент қызметкерлері де қатысты. Спикерлер ретінде Айнұр Қоскина, Диана Окремова және Гүлмира Біржанова сияқты көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар медиа-тренерлер мен журналистер сөз сөйледі.
Тренинг барысында БАҚ өкілдерін қызықтыру, оларға өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтерді қандай форматта ұсыну, сауатты баспасөз релизін қалай жазу, сондай-ақ БАҚ-пен тиімді диалог үшін не қажет деген мәселелер қаралды.
Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.