Шымкенттік сотталғандар 76 млн теңгеден астам талап қарыздарын өтеді

Шымкенттік сотталғандар 76 млн теңгеден астам талап қарыздарын өтеді

Қазіргі уақытта Шымкент қаласының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік алаңдарында шағын және орта бизнестің 13 субъектісі өз қызметін жүзеге асырады. Олар сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтамасыз етеді.
"Біздің мекемелерде барлығы 2,5 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Оның ішінде 800-ге жуық адам өндірістік аймақтарда және мекемелер аумағында жұмыс істейді. Жазасын өтеушілер киім, аяқ киім тігеді, металл және ағаш өңдеумен айналысады, жиһаз жинайды. Сонымен қатар, бұл сотталғандарды түзету процесіне оң әсер етіп қана қоймай, атқару парақтары бойынша талап қою қарыздарын өтеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Теңізжан Жәнібеков.
Сотталғандар жергілікті кәсіпкерлердің тапсырысы бойынша әртүрлі бұйымдар жасайды, олар көбінесе жәрмеңкелер мен көрмелерге қойылады.
2021 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижесінде талап-арыздары бар 241 сотталғанның жалақысынан 20 млн 527 мың теңге көлемінде қарыз өтелді. Ал сотталғандармен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша 55 млн 769 мың 200 теңге ерікті түрде төленді.
"Бұл қаражат сот үкіміне сәйкес сотталғандардың келтірген залалын өтеуге жұмсалады", - деп хабарлады ҚАЖД басшысы.
ҚАЖ департаменті сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу үшін келісімшарт жасау мақсатында жеке кәсіпкерлермен үнемі кездесулер өткізіп тұратынын атап өтті.