
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері жауынгерлік қорлардың арсеналы туралы ақпарат алып, Семей қаласының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп Бородулиха трассасы ауданында жедел жұмыс жүргізу барысында Макаров тапаншасы жасырылған орынды тапты.
Семей – Ресей Федерациясы шекарасы автомобиль жолының екінші шақырымында орналасқан аумақты тексеру барысында 9 мм Макаров тапаншасы табылды, оның оқсалғышында жеті патрон болды. Сонымен қатар, қару-жарақ жасырылған орыннан гранатаға ұқсас металл зат тәркіленді.
Тәркіленген қару Семей қаласының 37 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды.
Біздің қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында Семей қаласының ПБ қызметкерлерімен бірлесіп үйлесімді, жедел және нәтижелі жұмыс жүргізілді, - деп атап өтті облыстық ҚАЖ департамент бастығы Жанболат Кәлетаев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.