
ШҚО колониясында шағымдар мен өтініштер беруге арналған кезекті электрондық терминал орнатылды.
Прокуратура органдары мен қылмыстық-атқару жүйесінің ақпараттық жүйелерінің интеграциясы Шығыс Қазақстан облысының аумағында белсенді енгізілуде.
Жақында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/21 мекемесінде өтініштер мен шағымдар үшін екінші терминал пайда болды. Айта кету керек, түзеу мекемесінің қабырғасындағы алғашқы терминал сәуір айында орнатылған.
ҚАЖ қызметкерлерінің айтуынша, бұл терминалдың артықшылығы-сотталған адам өтінішін өз бетінше рәсімдей алады.
«Шағым немесе өтініш беру үшін сотталғанға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, оларды саусақ ізімен растау жеткілікті, бұл өте оңай және әдісін білу үшін үлкен дағдылар қажет емес. Менің ойымша, бұл өте ыңғайлы, өйткені сотталғандар тарапынан заңда белгіленген шағымдар мен өтініштерді жіберу мерзімдері бойынша сұрақтар болмайды, өйткені мұнда олар жауабын терминал арқылы ала алады немесе қажет болған жағдайда мәселенің мән-жайларын нақтылауларына да болады. Бұл – кез келген өтініш берудің жақсы балама тәсілі», - деп түсіндірді Режимдік және жедел жұмыс жөніндегі бастығының орынбасары Уәлихан Жұмашев.
«Алғашында бізде бұл техникаға сенімсіздік болды. Бірақ кейіннен бұл өте ыңғайлы және қарапайым екенін түсіндік», – деп бөлісті сотталған.
Айта кету керек, аталған жаңашылдықтар сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау, кез келген құқық бұзушылыққа дер кезінде дәл ден қою мақсатында енгізіледі.