
АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар Аналар үйінен шәйнектер, үтіктер, термопоттар мен жылытқыштарды алып, құрылғыларды бірнеше күн ішінде жөндеп, иелеріне қайтарып берді.
– Біз қала ұйымдарымен тұрақты негізде ынтымақтастық жасаймыз. Техникаларды жөндеу туралы өтініш келіп түскеннен кейін, біз электр құрылғыларының ақауларын жойып, оларды сотталғандарға жөндеп беруге сұрап алдық. Техниканы бір – екі күннің ішінде екі шебер жұмыс жағдайына келтіріп берді, - дейді мекеме бастығы Ербол Шәріпов.
Жөндеу үшін қажетті бөлшектерді колония қызметкерлері сатып алды. Жаңартылған техника демалыс күндері Аналар үйіне жеткізілді.
- Көмек көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет. Шынымды айтсам, біз кейбір құрылғыларды тастағымыз келді. Міне, осындай тосынсый болды. Әсіресе жылытқыштар бізге қажет, үй жылы, бірақ жаңа туған нәрестелерді шомылдыратын кезде қосымша жылыту үшін жылытқыштарды қосамыз. Қазір техника өте қымбат, көпшілігіміз жұмыс істемейміз. Біз колония қызметкерлеріне және техникамызды жөндеумен айналысқан шеберлерге ризашылығымызды бідіреміз , – дейді Светлана.
Қазір Аналар үйінде әр түрлі жастағы 10 ана тұрады. Ең кішкентай тұрғынның жасы үш ай. Мұнда тағдырдың тәлкегімен өмір сүретін және баратын жері жоқ кішкентай балалары бар әйелдер тұрады.