
25 қазанда Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметінің бастығы С.Қалдыбаев Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында магистратурада білім алушылар үшін «Пробация органдары қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.
С.Қалдыбаев пробация органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша шолу жасап, Қазақстан Республикасының пробация саласындағы заңнамасындағы өзекті өзгерістермен таныстырды, соңғы жылдардағы статистикалық көрсеткіштер бойынша ақпарат ұсынды.
Оқыту сабағы диалог форматында өтті. Кездесу соңында қатысушылар осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыру және болашақта осындай іс-шараларды ұйымдастыру туралы тілек білдірді.