Маңғыстау облысында ҚАЖ департаментінің бастығы тағайындалды

Маңғыстау облысында ҚАЖ департаментінің бастығы тағайындалды

Бұған дейін ол Маңғыстау облысы бойынша полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен полиция подполковнигі Қалиев Алтынбек Тұрарұлы аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Қалиев А.Т. 1980 жылы Маңғыстау облысында туған. Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бастап қызмет етеді. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.