ҚАЖ қызметкерлері павлодарлықтарға тегін нан таратты

ҚАЖ қызметкерлері павлодарлықтарға тегін нан таратты

ҚАЖ қызметкерлері «Нан күніне» орай ерекше акция өткізуді ұйғарды.
- Дастархандағы негізгі және әлеуметтік маңызы бар өнім - нан екенін барлығымыз білеміз. Нан күніне орай біз ұн сатып алып, сотталғандар облыс орталығының тұрғындары үшін 100 бөлке нан пісірді, – деді «Еңбек» РМК өңірлік филиалының директоры Қайрат Ахметжанов.
Салқындауға әлі үлгермеген жаңа піскен нандарды сатушылар мен ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж адамдарға нан тарату үшін дүкендерге алып келді.
– Біз үнемі түрлі акциялар өткіземіз. Бүгін мұқтаж жандарға көмектесеміз. Біздер нанды жай ғана дүкендердің сөрелеріне қойып, бұл тегін нан деп жазуды жөн көрдік. Нанды кез-келген мұтаж адам тегін ала алады. Нан барлық санитарлық нормаларды ескере отырып пісірілгенін атап өткенім жөн. Колониядағы наубайхана барлық стандарттарға сәйкес келеді, өнімнің сапа сертификаты бар, – деп түсіндірді АП-162 /4 мекемесінің бастығы Ербол Шәріпов.