Алматы облысы бойыша ҚАЖ мекеме қызметкерлері мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Алматы облысы бойыша ҚАЖ мекеме қызметкерлері мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Мұғалімдер күнін мерекелеуге байланысты Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/4 мекемесінің әкімшілігі мұғалімдерді грамоталармен және сыйлықтармен құттықтап, марапаттады.
Мекеме жанында жалпы білім беретін мектеп және кәсіптік-техникалық колледж жұмыс істейді. Онда барлығы 20-дан астам мұғалім жұмыс істейді.
- Мекеме жанындағы мектепте 43 сотталған білім алады, колледжде 100-ге жуық студент техникалық мамандықтар бойынша оқиды. Мұғалімдер қоғамда білімнің негізін қалайды. Бүгін біз мұғалімдерді мерекелерімен құттықтап, оларға сыйлықтар сыйлауды шештік, өйткені олардың жұмысы өте маңызды, - дейді мекеме бастығы Мадияр Конканов.