
Сотталған Владислав 28 жаста, ол кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Анасы инфаркттан, ал әкесі токқа түскеннен қайтыс болды. Сөйтіп, бес жасында балалар үйіне түседі. Кәмелетке толғаннан кейін ол дәнекерлеуші ге оқып, жұмыс істеп, пәтер жалдайды. 2014 жылы Владислав Аннамен кездесіп, одар жұп болып бірге тұра бастайды. Көп ұзамай жас жұбайлар балалы болатыны туралы біледі.
-Аннаның жүкті болуына қатты қуанып, оған жемістер сатып алып, күтім жасадым - дейді сотталған. Бір жыл үйленгеннен кейін Аннаның анасы оларға үй жұмысына көмектесу үшін Ақсуға көшіп олармен бірге тұруды өтінгендіктен, жұбайлар келісімін береді.
-Біз біраз бірге тұрғаннан кейін түсініспеушіліктер мен жанжалдар пайда болып, мен Павлодарға кетуді талап еттім, бірақ Аня анасымен қалғысы келді. Кейіннен мен Павлодарға оралып, жұмыс істедім, демалыс күндері біз Анямен кездесіп тұрдық. 2017 жылы мас күйімде қылмыс жасадым. Мен осы істеген ісіме қатты өкінемін, сол маған не болғанын білмеймін... Осылайша түрмеге отырдым, - дейді сотталған.
Владислав ТИЗО-ға қамалғаннан соң Аня ұлды босанып, қуанышты хабарды таксофонмен сөйлескенде оған айтқан. Кісі өлтіргені үшін жігіт 13 жылға бас бостандығынан айырылды, енді ол АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеуде. Дәл осы жерге Аня 2018 жылы қысқа мерзімді кездесуге ұлымен бірге келді. Ол кезде ұлы Миша бір жаста болды. Кездесуде Аня анасының олардың қарым-қатынастарына мүлде қарсы екенін айтты.
- Мен оны түсінемін, кім өз өмірін сотталғанмен байланыстырғысы келеді, ол - ана, қызына бар жақсылықты қалайды. Бірақ мен әйелімді және ұлымды қатты сағындым. - дейді Владислав.
Сотталған заңды әкесі болғандықтан, ұлын іздеу үшін мекеме әкімшілігіне көмекке жүгінді.
-Әлеуметтік байланысты сақтау үшін біз мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргіземіз. Кейде телефон нөмірлерін немесе тұрғылықты жерін ауыстырған туыстары жақындарының бас бостандығынан айыру орындарында екенін білмеу жағдайлары да орын алады. Әрине, кейбіреулері байланыста болғысы келмейді және қарым-қатынасты тоқтатады. Ал біреулері барынша қолдау көрсетіп, кездесуге келіп жүреді, хаттар жазады. Бұл жағдайда біз баланы табу үшін ресми сұрау жіберіп, сондай-ақ баланың анасы ата-ана құқығынан айырылғанын , ал Мишаның өзі отбасылық үлгідегі балалар үйінде тұратынын анықтадық, - деп түсіндірді АП-162/4 мекемесі бастығының орынбасары Болатбек Тлеубаев .
Мишаның қайда екені анықталған соң, балалар үйінің басшылығы оның сотталғанмен бейне байланыс арқылы көрісулеріне жағдай жасауға келісімін берді.
«Әке, мені қашан алып кетесін?» - бұл баланың алғашқы сөздері. Ол әкесін білетіні белгілі болды.
-Миша біздің балалар үйіне 2020 жылы анасы ата-ана құқығынан айырылғаннан кейін келді. Миша әкесі бар екенін айтты. Бірақ ол қайда екенін білмейді. Анасы баласына сирек келеді. Алайда әжесі немересіне келіп тұрады, дегенмен бала әкесін жақсы көретінін және күтетінін, - жеткізді балалар үйінің басшысы.
Белгілі болғандай, Мишаның әжесі шетелге көшіп кеткен, Аня Қазақстанда ұлымен қалып, өміріне жауапсыз қараған, соған байланысты Миша балалар үйіне түсті. Әжесі немересініңқамқоршысы болмағандықтан немересін өзімен бірге ала алмайды.
Бейне байланыс кезінде Миша әкесіне балалар үйінде достары көп екенін, доп ойнағанды жақсы көретінін және жақсы тамақтанатынын айтты.
Владиславпен мекеменің психологтары үнемі жұмыс істейді, мекеме психологтарының айтуынша, сотталғанның жақсылыққа үміті зор, бостандыққа шыққаннан соң ол ұлымен бірге тұруды жоспарлайды.