Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» шарасы өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» шарасы өтті

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінен А.есімді сотталғанның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасының аясында сотталғанды шығарып салу шарасы ұйымдастырылды.
«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы аясында жаза мерзімінің аяқталуына байланысты сотталғанның денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерінің болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бостандыққа шыққан А. есімді азаматқа босатылғаннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі беріліп, сондай-ақ жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама табысталды.