
Санитарлық дәрігердің сотталғандармен туыстарына ұзақ уақыт кездесуді қайта бастауға рұқсат берген жаңа қаулысы шыққаннан кейін РУ-170/2 мекемесінде неке тіркелді.
Бұл үшін, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес, арнайы келген АХАТ қызметкері карантиндік шектеулерді сақтай отырып, рәсімді өткізді.
Күйеу жігіттің айтуынша, олардың некесінің күші-бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметке негізделеді, сондықтан бостандығы шектеулі болуы кедергі болмайды дейді сотталған. Ерлі – зайыптылардың ортақ хоббиі бар - саяхаттау, музыка және спорт. Сондай-ақ, жас жұбайлар болашақта кемінде үш баласы болуын армандайды.
Сотталғанмен ресми неке қиюдың артықшылықтары бар, ол зайыбын қоғамдық қорғаушы ретінде тану болып табылады, бұл жұбайының бас бостандығынан айыру орындарында болған кезінде оған тұрақты келе алуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, үкім заңды күшіне енгеннен кейін ерлі-зайыптылардың бірі ұзақ мерзімді кездесуге рұқсат алуға құқылы.
- Жазасын өтеуші адамдардың әлеуметтік-пайдалы байланыстарын қолдау мекеме қызметкерлерінің маңызды міндеті болып табылады, - деп бөлісті мекеме бастығының міндетін атқарушы Бағлан Ойықбаев.
Жаңадан келгендерді мекеме қызметкерлері құттықтап, неке қию туралы куәліктерін табыс етті.