
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-бөлігі «а» тармағымен 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан өз еліне экстрадицияланды.
2009 жылдың мамыр айының басында сотталған К. героин есірткісін тасымалдау арқылы заңсыз баюға бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құруға бастамашылық жасағаны анықталды.
Ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары ОВ-156/15 мекемесіне қамалды. Мерзімінің көп бөлігі аяқталғаннан кейін сотталған адам Бас прокуратураға Ресей Федерациясына экстрадициялауды, онда қазіргі уақытта отбасы мен туыстары тұратыны жайлы өтініш жасаған болатын.
ҚР Бас прокуратурасы Ресей тарапынан сотталғанға қатысты қажетті ақпарат пен растауды қабылдап, оны экстрадициялауға келісім алды.
Азаматтарды беру екі ел арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Беларусьпен, Әзірбайжанмен, Армениямен, Грузиямен және Тәжікстанмен экстрадициялау туралы шарттар жасасқан.