Павлодар облысының ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар санағы жүргізілуде

Павлодар облысының ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар санағы жүргізілуде

Павлодар облысының статистика департаменті Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілдерімен бірлесіп, арнайы контингентті Қазақстан Республикасының жалпы халық санағынан өткізуге дайындық жүргізді. Колония қызметкерлері оқудан өтіп, содан кейін оларға әр сотталғанның деректері енгізілетін планшеттер берілді.
- Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері әр сотталғанның мәліметтерін базаға енгізеді. Қажет болған жағдайда жазасын өтеуші мекеме әкімшілігінің қатысуымен дербес санақтан өте алады. Ол үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын ескере отырып, кезек тәртібімен кіретін арнайы кабинет бөлінеді, – деп түсіндірді ҚАЖД өкілдері.
Павлодар облысының аумағында бес колония орналасқан, олардың екеуі – қоныс колониясы. Бұдан басқа, пробация қызметінде есепте тұрғандар үшін халық санағын өткізуге пробация қызметінің ғимаратына планшеттер орнатылатын болады. Пробация қызметінің инспекторлары қажет болған жағдайда әдістемелік қолдау мен жәрдем көрсететін болады.
- Тіркеуден өту кезінде сотталғанға тікелей бізде санақтан өту ұсынылады. Өйткені оларда көбіне уақыт жоқ, ал бізде ол үшін жағдай жасалатын болады, – дейді Павлодар қаласының пробация қызметінің бастығы Әсет Мыңжасаров.