
СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 әйелдер колониясында әйелдердің кескіндеме саласындағы үлкен жетістіктерінің мысалдары бар. Сонымен, 2018 жылы аталған мекемедегі сотталған әйелдің жұмысы Мәскеу қаласында өткен конкурста ұсынылып 1-ші орынға ие болды.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты барлық байқау жұмыстары «Менің Қазақстаным» тақырыбына арналды. Барлық еңбектерде патриоттық тақырып, туған өлкеге және елдің тарихи мұрасына деген махаббат байқалады.
Мекеме қабырғасында қатысушылардың жұмыстарымен көркем көрме ұйымдастырылды. Көркем шығармашылықты бағалаушылар ретінде, қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, ұлттық алдын-алу тетігінің өкілдері және дін істері басқармасының мамандары арнайы шақырылды.