
2021 жылғы 06 Тамызда «Біз азаптауларға қарсымыз» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті арасында сотталғандардың бұзылған құқықтарын сақтау және қалпына келтіру саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Ағымдағы жылдың 01 қазанында «Біз азаптауларға қарсымыз» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары А.Гапонов Орал қаласындағы РУ - 170/2 мекемесіне барды.
Мекемені аралауға қоғамдық бірлестіктің орынбасарымен бірге БҚО бойынша ҚАЖД департаментінің орынбасары Асқар Дәуітұлы, сондай-ақ РУ-170/2 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Бағлан Оиықбаев қатысты .
Аралау барысында А Гапонов жазаны өтеудің қатаң жағдайлары мен тәртіптік изоляторды тексерді. Одан әрі А.Гапанов сотталғандармен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Кездесу барысында қоғамдық белсенді өзінің жұмысы туралы, қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы, олардың қызметінің қаншалықты маңызды екендігі туралы айтып берді, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары туралы, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы Конвенция, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясы және де әрине, «Нельсон Манделаның» ең төменгі стандартты ережелері туралы айтып берді.
Кездесу нәтижесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты мәселелер бойынша құқық қорғаушылардың атына өтініштер мен шағымдардың түспегені анықталды.