Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қарттар күніне орай ҚАЖ ардагерлерінің отбасыларына барды

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері қарттар күніне орай ҚАЖ ардагерлерінің отбасыларына барды

Мереке қарсаңында Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінде ҚАЖ ардагерлері назардан тыс қалған жоқ. Мекеме зейнеткерлерін құттықтау дәстүрін жас қызметкерлер де құрметтейді.
Мекеменің кадрлық саясат тобы биыл мекеме ардагерлеріне баруды ұйымдастырды.
– Біздің мекемеде, әр отбасындағыдай, ардагер қызметкерлердің бізге берген дәстүрлері қатаң сақталады. Солардың бірі – колонияның зейнеткерлерін ұмытпау. Жыл сайын ардагерлерге көмек беруге тырысамыз. Қар тазалап, бақша қазып, басқа да жұмыстарда көмек берудеміз. Бүгін жас қызметкерлер біздің зейнеткерлеріміздің алты отбасына барып, мерекемен құттықтады, – деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов.