Тараздағы ҚАЖ мекемесіне 100 кітап сыйға тарту етілді

Тараздағы ҚАЖ мекемесіне 100 кітап сыйға тарту етілді

Таразда ҚАЖ мекемесіне 100 кітап тарту етілді. Өңірлік
департаменттің Сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы тобының аға инспекторы Айгүл Танашева облыс орталығында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың басшылығына хат жазып, түзеу мекемелеріндегі кітапхана қорын құнды кітаптармен толықтыруды сұраған. Өз кезегінде кітапхана басшылығы бұл өтінішті құп көріп, әртүрлі жанрдағы 100 кітапты сыйға тартты.
– Кітапхана қорын кітаппен толықтыру, жаңалау өңірлік ҚАЖ департаментінің үнемі назарында. Кітап сыйлаған кітапхана басшылығына алғысымызды білдіреміз. Мекемелерде сотталғандарға арналған кітапхана жұмыс істейді. Жазасын өтеушілердің түзу жолға түсуіне – кітап өз септігін тигізетіне сенім мол, – дейді облыстық ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов.
Айта кету керек, қазіргі таңда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелердегі кітапханалардағы кітап қоры – 23 мыңнан данадан асады.