БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу бойынша дәріс өткізілді

БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері арасында суицидтің алдын алу бойынша дәріс өткізілді

Қазіргі уақытта кадр және психологиялық қызметтер қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және болдырмау бойынша үлкен жұмыстар жүргізуде. РУ-170/2 мекемесінің кадрлық жұмыс тобы қызметкерлермен алдын алу жұмыстары бойынша дәріс-сабақ өткізілді.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері жасаған суицидтер аса ауыр төтенше оқиғалар санатына жатады. Олардың моральдық және экономикалық салдарын ғана емес, сонымен бірге үлкен қоғамдық резонанс тудырады.
Суицидтің алдын алудың жалпы бағытының негізгі мазмұны қоғамда және ұжымдарда суицидтік мінез-құлықты қалыптастыруға және суицидтік жағдайды сақтауға ықпал ететін әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық алғышарттарды әлсірету және жою болуға тиіс. Мұндай жұмыстың құрамдас бөліктері келесідей:
1. Мемлекеттік саясат, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау.
2. Ұжым мүшелері арасындағы жанжалдардың алдын алу және жою.
3. Әлеуметтік және құқықтық қорғауды қамтамасыз ету, адамға қамқорлық жасау.
4. Психогигиена және психопрофилактика іс-шараларын ұйымдастыру, оның ішінде: нейропсихикалық тұрақсыздығы бар адамдарды ерте анықтау, сипаттың екпіндері (айқын ауытқулары), проблемалық мінез-құлық; физикалық және психологиялық жүктемелерді жүйелі түрде бөлу; топ мүшелерінің шамадан тыс эмоционалды кернеуінің алдын алу.
Суицидтік оқиғалардың арнайы алдын алу мыналарды қамтиды: суицидтік қаупі жоғары адамдарды анықтау; суицидтік белсенділікті болжау; психологиялық дағдарыс жағдайындағы адамға уақтылы тиісті көмек көрсету.