Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті 185 сотталғанды жұмыспен қамтамасыз етті

Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті 185 сотталғанды жұмыспен қамтамасыз етті

Жазасын қоғам алдында пайдалы өтеу – бұл ең алдымен сотталғанның өз мүддесі үшін. Тапқан қаражатына олар атқару парақтары бойынша берешектерін өтеп қана қоймай, табыстарын туған-туыстарына ерікті түрде жібере алады, сондай-ақ мекемедегі дүкеннен қажетті заттарды сатып ала алады. Әрбір колонияда сотталғандар орналасқан жұмыс істейтін цехтар «өнеркәсіптік аймақ» деп аталады.
Павлодар облысында барлығы 1812 сотталған жазасын өтеп жатыр, олардың 185-і қалаға жұмысқа шығатын сотталғандар, өйткені олар жазасын АП-162/2 және АП-162/10 қауіпсіздігі аралас мекемелерінде өтеп жатыр. Мысалы, Шідерті кентінің мекемесіндегі сотталған күртеше мен автокөлік қаптамаларын тігуді ұйымдастырған. Қазіргі таңда тауар сұранысқа ие және ол өнімдердің материалдарын сотталған Екібастұздан сатып алады.
- Сондай-ақ қоныс колониясының сотталғандары «Майқайың әк зауыты» кәсіпорнында жұмыс істейді, ондағы еңбекақы айына 130 мың теңгеге дейін жетеді. Жұмыс объектісінде олар мезгіліне үш мәрте ыстық тамақпен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Карантиндік шараларға байланысты біраз уақыт өндіріс тоқтатылған болатын. Алайда, қазір барлық сотталғандар вакцинациядан өтіп, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жұмыстарын жалғастыруда, – дейді ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Динара Махмудова.
Айта кету керек, барлық өнеркәсіптік нысандары Еңбек РМК-ға тиесілі.
- Біз колониялар аумағында кәсіп ашу үшін қала кәсіпкерлерін тартамыз. Сотталғандарға төмен жалақыдан басқа, объектіні тәулік бойы күзету қамтамасыз етілген, сотталғандар әдетте, жұмысқа орналасуға мүдделі, еңбек тәртібін бұзбайды. Бұдан басқа, өндірілетін тауарлардың сапасы жоғары және өңір халқы арасында сұранысқа ие. Мысалы, жиһаз цехтарының өнімі қала кәсіпорындарында жасалатын өнімдерден еш кем түспейді. Белсенді ынтымақтастық үшін өндіріске, сондай-ақ дайын өнімдер көрмесіне арналған барлық үй-жайларды көрсете отырып, Ашық есік күндерін өткіземіз. Көлемді тапсырыс түскен кезде сотталғандар ауысыммен жұмыс істейді, – деп түсіндірді Еңбек РМК директоры Қайрат Ахметжанов.
Қазір өнеркәсіптік аймақтарда жиһаздар, түрлі бұйымдар, вагондар жасалып, балалар киімдері тігіледі, жиһаздар жиналып, тағыда басқа өнімдер дайындалады. Алайда, кәсіпорын ашуға болатын бос ғимараттар да бар. ҚАЖД-да айтылғандай, еңбекке қабілетті адамдар жеткілікті.
-Жазаны ауыстыру немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін сотқа материалдарды жіберу кезінде оң сипаттамалардан басқа, сотталғанның жұмыспен қамтылуы маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, өтелген талап-арыздың болуы соттың сотталғанға қатысты шешім қабылдаудағы негіздемесі болады. Сондықтан сотталғандар мемлекеттік баж салығын төлеуге және жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге тырысады, - деп түсіндірді ҚАЖД басшылығы.
Мекеме аумағында кәсіпорын ашу үшін 8 (7182) 54-42-92 нөміріне қоңырау шалу қажет. Сондай-ақ, АП-162/2 мекемесі қала кәсіпорындарымен ынтымақтасуға және сотталғандарды одан әрі жұмысқа орналастыруға дайын екендігін хабарлайды.