Орал тергеу изоляторының қызметкерлеріне Спорттық құрал-жабдықтар табысталды

Орал тергеу изоляторының қызметкерлеріне Спорттық құрал-жабдықтар табысталды

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамбық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Ставкин Орал қаласының тергеу изоляторының қызметкерлеріне денсаулықты қалпында сақтауға арналған түрлі доптар мен спорттық жабдықтарды табыс етті.
«Динамо» қоғамдық бірлестігі қызметінің негізгі мақсаты құқық қорғау органдары мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру, спортпен шұғылдануын және демалу үшін қосымша жағдайлар жасауға ат салысу, спортты жаппай дамытуды қамтамасыз ету арқылы жастар қылмысы мен нашақорлықтың алдын алу, халықтың терроризм мен қылмысқа қарсы күреске қоғамдық қатысуына жәрдем жасау, Динамо қозғалысының үздік дәстүрлерінде әскерге шақыруға дейінгі жастарды, қауіпсіздік және құқық тәртібі органдары үшін кадр резервін даярлау болып табылады.
Тақырыпты аяқтай келе, БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің басшылығы Павел Евстафьевичке БҚО бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері арасында спортты дамытуға көп жылдық, қосқан қомақты үлесімен, жоғары жетістіктері үшін алғысын білдірді.