
Ақмола ҚАЖ қызметкері көкнәр жинаған кәмелетке толмаған баланы ұстады.
Рекс есімді қызметтік ит күдіктіні ұстауға көмектесті.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/25 мекемесінің іргелес аумағын аралау барысында мекеменің режимдік бөлімінің кинологы Манат Төлеген Рекспен бірге жұмыс істеп жүрген Гранит кентінің кәмелетке толмаған тұрғыны ұсталды. Жасөспірімнің айтуынша, ол жеке пайдалануға тыйым салынған өсімдікті жинаған.
Тәртіп бұзушы одан әрі тергеу үшін Ақмола облысы ПД Зеренді АПБ-не тапсырылды. Қажетті сараптама тағайындалды.
- Кинолог-инспекторларымен тұспа-тұс қызмет атқаратын төрт аяқты көмекшілердің арқасында ҚАЖ мекемелерінде күзет жүзеге асырылады, сотталғандарды айдауылмен алып жүру қамтамасыз етіледі, сондай-ақ есірткі және жарылғыш заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді табу, қылмыскерлерді іздестіру және ұстау бойынша жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізіледі, - деп атап өтті Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері.