Орал тергеу изоляторына SIM-картаны өткізудің жолы кесілді

Орал тергеу изоляторына SIM-картаны өткізудің жолы кесілді

Күн сайын мекеме қызметкерлері барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, азаматтық тұлғалар жеткізген барлық азық-түліктерді, сәлемдемелер мен сауқаттарды мұқият тексереді.
Тексеруді жүзеге асыратын тергеу изоляторы қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған затты режимдік объектіге алып өтудің жолы кесілді.
Тергеу-қамауға алынған П.-ға келген азамат М. - ның жеткізілген заттарын тексеру барысында сөмкесінен абоненттік нөмірі бар sim-карта табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша материал дайындалып, одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің бастығы С.Өтешқалиевтің айтуынша, тыйым салынған заттардың, оның ішінде құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлай отырып, кездесуге келген азаматтық тұлғалармен тыйым салынған заттарды кіргізбеу бойынша тұрақты негізде профилактикалық жұмыс жүргізілуде.