Ақмола ҚАЖ мекемесінде «Ashyq» қосымшасы жұмыс істейді

Ақмола ҚАЖ мекемесінде «Ashyq» қосымшасы жұмыс істейді

ЕЦ-166/4 мекемесінде «Ashyq» мобильді қосымшасы орнатылды.
- Бүгінгі күннің жағдайында бұл-ең алдымен қоғамнан оқшау отырған сотталғандар үшін қосымша сақтық шаралары. Бұл қосымша Covid-19 таралуын, соның ішінде мекеменің жеке құрамы арасында да азайтуға мүмкіндік береді, – дейді мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ибраев.
Сонымен қатар, жақында ҚАЖ мекемелерінде ұзақ және қысқа мерзімді кездесулер бөлмелері өз жұмысын қайта бастады. Қолданыстағы мобильді қосымша кездесуге келген сотталғандардың туыстарына ПТР-тест ұсынбауға мүмкіндік береді.
«Ashyq» қосымшасы QR-код арқылы мекемелерге келушілердің, ҚАЖ қызметкерлерінің мәртебесін анықтауға көмектеседі.