Ақмола колониясында балалар ойын алаңдары өндірісі қолға алынды

Ақмола колониясында балалар ойын алаңдары өндірісі қолға алынды

Балалар ойын алаңдарының құрылысын Атбасар қаласы ЕЦ-166/4 мекемесінің «Еңбек-Көкшетау» РМК филиалының №3 өндірістік учаскесі орындайды.
Ведомствоның айтуынша, құрылымдар Көкшетаудағы жаңа балалар ойын-сауық кешендеріне орналастырылады.
Тапсырыс дайындау үшін металл өңдеу цехына қосымша 11 сотталған жұмысқа орналастырылды, олардың әрқайсысы өз бағытымен айналысады.
«Біреулері кешенді гимнастика үшін қоршаулар, брустар мен қабырғалар, урналар және т.б. дайындайды. Жұмысшылар өздерінің бағыттары бойынша бөлінді. Әткеншек, лианалар мен қалыптағышын бір тобы істесе, ағаштан жасалған бөлшектерін – екінші тобы жасайды. Дайын құрылыстарды - сотталғандар Сергей мен Александр полимерлі бояумен жабады», - деп атап өтті ҚАЖД.
«Балаларды қуантқым келетіндіктен шын жүрегіммен тырыстым. Бүгінде пандемия жағдайында балалардың көпшілігі телефонын ақтарумен көп уақытын өткізеді, оданда таза ауада жақсы қозғалып, көбірек спортпен шұғылдансын», - дейді сотталған Александр. Бұл ЕЦ-166/4 мекемесі РМК филиалы орындайтын балалар алаңдарын дайындауға алғашқы тапсырыс емес. Қазіргі таңда төрт кешен толығымен дайын. Бұған дейін Атбасар қаласының балаларына арналған спорт алаңдары дайындалған болатын.