Сотталған торт пісіріп, анасына жіберді

Сотталған торт пісіріп, анасына жіберді

Сотталған Марат, адам денсаулығына зиян келтіргені үшін АП-162/1 мекемесінде жазасын өтеуде. Колония қабырғасында өткізген уақыт ішінде ол көп нәрсені қайта қарастырды. Аналар күні қарсаңында ол торт пісіріп, мекеме әкімшілігінен анасына жіберуді өтінді.
Осындай ерекше өтініш бізде алғаш рет болды. Бірақ сотталған үшін әлеуметтік байланыстарды сақтау өте маңызды, өйткені оны өмірде күтетін адамы бар кезде ол заңды қайта бұзбауға және отбасына оралуға тырысады. Марат ингредиенттерді асханадан алып, тортты өзі пісірді. Ал біздің қызметкерлер ол тортты анасына апарып берді - дейді мекеме бастығының орынбасары Берік Рахимов.
Бүгінгі мереке үлкен мағынаға ие. Қолдау көрсеткендері үшін мен мекеме әкімшілігіне және туыстарыма ризашылығымды білдірмін. Әр адамның жалғыз қалатын сәті болады, көз жасын тыюға шамасы болмаған кезде, өмір сүргісі келмейтін кездерде... Ондай ауыр сәттерде ең бастысы сіз үшін қымбат адамдар туралы ойлау, қателік жасамау, өзіңді өмір мәні көретін жақындарыңның бар екенін ұмытпау өте маңызды. Қателікке бой ұрмау, түзелу ешқашанда кеш емес, анамның қолдауымен, мен күшімді жоғалтпаймын және болашаққа жоспарларым көп. Бала кезімде анам демалыс күндері мен үшін бал тортын пісіретін. Бұл естеліктер менің өмірімнің ең маңызды естеліктері. Мен де оған жағымды тосын сый жасауды шештім - дейді сотталған.
Айта кету керек, Марат алғаш рет печенье тортын пісіруді шешіп, тортты кремді қоюландырылған сүттен жасаған. Тәтті сыйлықты жібергеннен кейін, анасы оған өте дәмді екенін айтып хабарласты. Мараттын бостандыққа шығуына бір жылдан астам уақыт қалды.