Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері ҚАЖ қызметкерлерімен кеңес өткізді

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері ҚАЖ қызметкерлерімен кеңес өткізді

Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастамасымен Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп жұмыс кеңесі өткізілді.
Нұр-сұлтан қаласы ПД УПН бөлімінің бастығы Департаменттің жеке құрамының, сондай-ақ ҚАЖ бөлімшелерінің басшылығының назарына синтетикалық есірткіні өткізуге қатысы бар интернет-сайттарды жарнамалау бойынша QR-кодтар көрсетілген парақшалардың, граффити-суреттердің, мөртабандардың, мөрлердің, билбордтардың үлгілерін, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың негізгі түрлерін жеткізді.
Сондай-ақ, осы кеңесте «Есірткі заттарын тапқан кездегі полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері» тақырыбына әдістемелік ұсынымдар жеткізілді. Мекеме аумағында есірткі құралдарын анықтаған кезде, жеткізуге немесе жіберуге әрекет жасаған кезде өзара іс-қимыл туралы мәселе талқыланды.
Алдағы уақытта жоғарыда аталған фактілер кезінде тергеу-жедел тобынан басқа Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының» қызметкерлері тартылатын болады.
Бұдан басқа, бас бостандығынан айыру орындарында есірткі құралдарын пайдалану мен таратудың алдын алуға бағытталған ҚАЖД және МІЖБ қызметкерлерінің өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, денсаулық сақтау, спорт органдарының мамандарын тарта отырып, сотталғандар арасында дәрістер, сабақтар өткізу жоспарланған.
Сотталғандардың есірткі заттарын сақтауының алдын алу мақсатында мекеме ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД МДҚ кинологиялық қызметінің мамандарын тарта отырып, басқа да бірлескен іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД УПН өкілі өз сөзінде жастар арасында есірткі қолдану себептерінің бірі отбасында тиісті тәрбиенің, зейіннің болмауы екенін атап өтті.
Осыған ұқсас іс-шараларды өткізу Департамент бөлімшелерінің жеке құрамы арасында да жоспарланған, онда тексеру тобының қызметкерлеріне есірткі құралдары мен психотроптық заттардың негізгі түрлері, олардың ықтимал сақтау орындары және басқа да алдын алу әдістері және сотталғандардың мекеме аумағына пайдалануға тыйым салынған заттарды алып кіруіне жол бермеу көрсетіледі.