ШҚО әйелдер колониясында тұшпара цехы ашылды

ШҚО әйелдер колониясында тұшпара цехы ашылды

Әйелдер колониясындағы тұшпара цехының өнімі ШҚО Жарма ауданының Шуақ, Жаңғызтөбе және Қалбатау кенттерінің тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, өйткені ол шын мәнінде жоғары сапаға сәйкес келеді.
– Біздің мекемеде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, әйтсе де мұнда әйелдер мерзімін өтеп жатыр, олар өз туыстарына көмектескісі келеді, сонымен қатар олар жұмыс орындарындағы тазалық пен гигиена мәселелеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Әрине, бірінші кезекте, біз атқару парақтары бойынша талап-арыздары және сот үкімімен тағайындалған жазалары бар адамдарды жұмысқа орналастырамыз. Алдағы уақытта олардың еңбек еткендері және талап-арыздарды өтеуі сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қарау кезінде көмектеседі, - деп түсіндірді мекеме бастығы Жақсылық Алтаев.
Айта кетейік, жұмысқа орналастырылған сотталғандардың санын арттыру мақсатында мекемеде сотталғандарды барынша жұмысқа орналастыру және ШҚО колонияларына жаңа жұмыс орындарын тарту бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде.