
Сотталған оларды өз жылыжайында өсіреді.
Қазір Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны қаланың пробация қызметінде есепте тұр, есепке қою кезінде ер адам жұмысқа орналаспаған. Содан кейін пробация қызметінің инспекторы оған кәсіпкерлерлерге арналған бизнесті қолдау бағдарламалары туралы айтып, оны Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына жіберді. «Атамекен» өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқудан кейін сотталған өз кәсібін дамытуға грант алып, жылыжай салуға қажетті барлық нәрсені сатып алды. Биыл ол алғашқы өнімін жинады.
- Бастапқыда менің арманым жүзеге асатынына сенбедім, бірақ біз алғашқы өнім жинағаннан кейін, өзім жұмысты көбірек істеуге ынталандырдым. Қазір жылыжайдың ауданы 270 шаршы метрді құрайды, келесі жылы аумақты кеңейту керек деп ойлаймын, – дейді жас жігіт.
Жаңадан іс бастаған кәсіпкердің айтуынша, ол күн сайын қала нарығына 150 килограмнан астам қияр жеткізеді. Жаңа піскен көкөністер сұранысқа ие, әсіресе олардың сапасы өте жақсы болғандықтан, тұрақты сатып алушылары бар.