
Бір апта бойы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде мектептер мен кәсіптік колледждерде сабақтар жүріп жатыр. ЕЦ-166/4 колониясының қызметкерлері республикалық «Мектепке жол» қолдау акциясы аясында – ерекше іс-шара ұйымдастыруды ұйғарды.
Өмірді, олардың іс-әрекеттері мен болашақ жоспарларын қайта қарастыруға көмектесетін көп нәрсені білуге, көкжиегін кеңейтуге деген қызығушылық пен ықылас үшін мекеме қызметкерлерінің әрқайсысы өз үйлерінен колония оқу орындарының кітапхана қорына көркем әдебиет әкелді. Жалпы алғанда, ҚАЖ қызмткерлері мектеп пен колледж кітапханасына 100 көркем әдебиет кітабын тапсырды.
- Сотталғандардың көпшілігінің қандай да бір себеппен орта білімі жоқ. Осы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында біз бір отбасыға баланы мектепке жинауға көмектестік, сондай-ақ заңды қайта бұзса да, білім алуды қажет ететін біздің қамқорлығымыздағы балаларды да назардан тыс қалдырмауды шештік. Бұл жерде колония қабырғасында олардың орта және кәсіптік білім алу мүмкіндігі бар, бұл болашақта жұмысқа орналасуға және өмірлерін жаңадан бастауға көмектеседі, – дейді мекеме ҒКДК орынбасары Татьяна Шейко.