Ақмола облысының ҚБК қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне барды

Ақмола облысының ҚБК қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесіне барды

Ақмола облысының ҚБК мүшелері ЕЦ-166/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұстау жағдайларына Мониторинг жүргізді. Мониторинг жұмысына қоғам өкілдерімен бірге Ақмола облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Мирхан Ахметжанов қатысты.
Алдын ала тексеріс барысында қатысушылармен колонияның барлық тұрмыстық үй-жайларын комиссиялық аралау жүргізілді. Стратегиялық нысан-мекеменің асханасы: тоңазытқыштар, тамақтану орнының жалпы санитарлық жағдайы, тамақ дайындау кезінде тиістілік нормаларының орындалуы, тез бұзылатын тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексерілді. ҚБК төрағасы Серік Бұланов сотталғандармен тамақтану сапасы мен ассортименті туралы әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында сотталғандар тамақтану жыл сайын едәуір жақсарып жатқанын атап өтті. Күнделікті тамақтану нормасына көбірек көкөністер, жемістер, сүт қышқылы өнімдері, балық қосыла бастады. Бұдан басқа, монша және кір жуу кешенін, медициналық бөлімді, тұрғын-үй жасағын, сондай-ақ үй-жайларын аралау жүргізілді.
Құқық қорғаушылар сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ниет білдіргендердің ешқайсысы жауапсыз қалған жоқ. Біз, колония қызметкерлері және менеджерлердің қатысуымен әрқайсысының жағдайын қарастырдық.
«Тексеру қорытындысы бойынша оң баға берілді, кейбір кемшіліктер болды, дегенмен осының барлығын біз тіркеу журналында атап өтіп, жою мерзімдерін көрсеттік, барлығы талапқа сай сәйкестікке келтірілетініне сенімдімін», - деп атап өтті Ақмола облысы бойынша Қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы Серік Бұланов.