
Павлодар облысының мекемелерінде сотталғандар жұмыспен қамтылады, бірақ олардың барлығы өндірістік аймақта жұмыс істей бермейді. Олардың ішінде санитарлар да бар.
Санитарлар ақылы жұмысқа ресми түрде тартылады. Олар медициналық бөлімшедегі палаталардың тазалығын бақылап қана қоймай, сотталған мүгедектерге қарайды. Пандемия басталғаннан бері санитарлар мекемелердің аумағында эпидемияға қарсы шараларға тартылды. Олар жасақтарды өңдейді, барлық бөлмелерді дезинфекциялайды. Бұл үшін олар обаға қарсы костюмдер мен дезинфекциялаушы заттар мен қорғаныс құралдары - маскалар, қолғаптар, көзілдіріктермен қамтамасыз етілген - дейді ҚАЖД сотталғандарды еңбегін ұйымдастыру жөніндегі тобның аға инспекторы Динара Махмудова.
Сотталғандар еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты негізінде жұмыс істейді. Олар да жылына бір рет демалыс алады. Пандемияның басталуымен сотталғандар өтемақы немесе өздері атап өткендей «ковидтік жәрдемақы» алады. Олар алған қаражатты өз қалауы бойынша жұмсайды - табыстарын отбасыларына жібере алады немесе шағым-талаптарды өтей алады. Сондай-ақ, мекеме аумағында олар бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алатын дүкен бар. Сонымен қатар, санитар болып жұмыс істеу уақыты оларға еңбек өтіліне есептеледі.
Сотталғандарда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары болуы үшін оларға «Данель» медициналық мекемесінің дәрігерлері теориялық көмек көрсетеді. Онлайн форматта оларға онлайн дәрістер оқылып, санитардың негізгі дағдылары түсіндіріледі.
- Мен санитар болып үшінші жыл жұмыс істеймін. Мен мекемеге бастапқыда келгенде жұмыс істегім келіп, жасақ бастығына жүгіндім. Содан кейін жұмысқа шықтым. Шынымды айтсам, мен бұған бұрыннае дағдыланғанмын. Пандемия басталысымен жұмыс көп болғандықтан, еңбекақымдыда көбірек таба бастадым. Біз бұрын жасалған жұмыс уақытын есептеу кестесі бойынша жұмыс істейміз. - дейді сотталған Андрей.
Айта кету керек, колониядағы санитарлар медициналық білімсіз жұмысқа қабылданады.