Отбасы күні қарсаңында ҚАЖ қызметкерлері спорттық отбасылық іс-шара өткізді

Отбасы күні қарсаңында ҚАЖ қызметкерлері спорттық отбасылық іс-шара өткізді

Жыл сайын, 2013 жылдан бастап, қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Биыл Отбасы күні 12 қыркүйекке келеді.
Жуырда Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері «Спорт-денсаулық, спорт-ойын, спортта әкем, анам және мен!» атты спорттық іс-шара ұйымдастырды.
Жарыс «Біз Қазақстанның болашағымыз — біз ядролық жарылыстарға қарсымыз» деген ұранмен басталды. Отбасылық жарыстарға қатысушылар тақырыптық плакаттар дайындады. Бірнеше күн бұрын Қазақстанда Семей полигоны жабылған күніне орай 30 жылдығы атап өтілген болатын.
Ең басты адами құндылықтар — денсаулық, отбасы, балалық шақ ұранымен спорттық мереке көңілді, шулы және жалынды өтті. Балалардың бақыты мен қуанышында шек жоқ сияқты көрінді.
Балалар және олармен бірге ата-аналары ұзындыққа секірді, сөмкелерде жүгіріп, «күнге көтерілу», арқан тарту және т.б. спорттық ойындарды ойнады.
Мереке соңында барлығы шаршасада, ата-аналарымен ғана бірге болғандарына ғана емес, сонымен бірге біртұтас команда болғанына алған керемет эмоцияларынан қуанып, барлық балалар өздерінің лайықты медальдары мен тәттілерін алды.