ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері ардагерге көмек көрсетті

ШҚО-да ҚАЖД қызметкерлері ардагерге көмек көрсетті

ШҚО-да пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері ардагерге шаруашылық бойынша көмек көрсетті.
Ішкі әскер ардагері Бекен Байдәулетов ОВ 156/16 мекемесінің әкімшілігіне өнім жинауға көмек сұрап жүгінді. ОВ 156/16 мекемесінің өкілдері қарт зейнеткерге бақта картоп қазуға көмектесіп, сонымен қатар, оның үйінің кіреберісіндегі аумағын ретке келтіріп берді.
ОВ 156/16 колониясының офицерлері мен сержанттары ата-әжелерге үнемі барып тұрады, оларға үй шаруашылығына көмектеседі, аумақты тазартады, арбалар мен орындықтарды жөндейді.
81 жастағы Бекен Байдәулетов 30 жылдан астам қызмет еткен. Ардагер өзінің еңбек жолын 14 жасынан бастаған. Пенитенциарлық жүйенің ардагері тыңды алғашқылардың бірі болып игергенін мақтан тұтады.
Қазіргі уақытта Бекен Ақанұлы жалғыз тұрады, өйткені жұбайы екі жыл бұрын қайтыс болған. Жаны қартаймайтын зейнеткер үй мен бақшаға күтім жасауды өз бетінше жүргізеді.
– Балалар үнемі келіп, үй шаруашылығына көмектеседі, қызметтері туралы өз әңгімелерімен бөліседі. Балалардың Отан алдындағы борышын өтеуге үлгеріп, бізді ұмытпағаны қуантады, – деді ардагер Бекен Байдәулетов.
Осындай жағдайларды ескере отырып, ОВ-156/16 мекемесінің қызметкерлері өз ардагерлеріне әрдайым қолдау көрсетіп, сондай-ақ қиын жағдайда оларға мүмкіндігінше көмек көрсетуге дайын.
– Біз ардагерлерімізбен және зейнеткерлерімізбен әрдайым байланыстамыз. Оларға қандай көмек қажет екенін үнемі білуге тырысамыз. Біздің аға жолдастарымыз әрқашан мекеме қызметкерлеріне сенім арта алады, өйткені олар – өтіп бара жатқан ұрпақтың өкілдері, көзі көргендер және біздің қызметіміздің тарихын сақтаушылар, – деді ОВ-156/16 мекемесі бастығының орынбасары Нұрым Баяхметов.