Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жалғыз басты әкенің балаларына мектеп құралдарын табыстады

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жалғыз басты әкенің балаларына мектеп құралдарын табыстады

Республика көлемінде өткізіп жатқан «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы да өз үлестерін қосты.
Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.
ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері үш баласы бар жалғыз басты әкенің үйіне барып, балаларына жаңа оқу жылына мектепке қажетті құралдар мен тәттілер алып барды. Мектеп жасындағы үш бала үшем – 8 сыныпта оқиды, анасы қайтыс болған.
Балалардың әкесі балаларға мектеп сөмкелерін сатып алып бере алмағанын айтып, қызметкерлердің осы қиын-қыстау уақытта көмектескендеріне қуанып, мекеме ұжымына көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтып, еңбектеріне табыс тіледі.