
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі барынша жоғары колониясында алғашқы қоңырау соғылды.
Мекемеде жаңа оқу жылының басталуына орайластырылған салтанатты іс-шара өтті. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің сотталғандарын білім күнімен Шемонаиха ауданы №1 жалпы білім беру мектебінің педагогикалық ұжымы мектеп директорының міндетін атқарушы Марат Акзукенов құттықтады.
Сөз сөйлеген мұғалімдер оқушыларға жаңа білімді игеруде сәттілік, ең алдымен заңға бағынатын өмір салтын ұстануды және тез арада бостандыққа шығуларына тілектерін білдірді.
ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің басшылығы сотталғандардың білім алуына ерекше көңіл бөледі. Биылғы жылы қауіпсіздігі барынша жоғары колониясында 60-қа жуық сотталғандар түрлі сыныптарда оқиды. Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінде, әсіресе Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйелерінде толыққанды және сапалы оқыту үшін барлық жағдай жасалған.