
Ұрлық жасағаны үшін сотталған ауыл тұрғыны 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Ақтоғай ауданының пробация қызметінде есепте тұрды. Пробация қызметкерлері ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығымен бірге есепке қойылған сәттен бастап ол ақы төленетін жұмыс орнына жұмысқа орналасып, зейнеткер анасымен бірге тұрды. Алайда, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап сотталған пробация қызметіне тіркеуге келмеген, ұялы телефоны сөндірілген.
– Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде оның үйі болмады, анасы сотталғанның тұратын жерін білмейтінін мәлімдеді. Жұмыста ол үнемі ақы төленгеніне қарамастан, жұмыс берушінің айтуынша, еңбек тәртібін бұзбаған. Пробация қызметкерлері бастапқыда іздестіру іс-шараларын бастады, аудан мен қаланың барлық медициналық және мемлекеттік мекемелеріне сұрау салулар жіберілді, алайда жауаптарға сәйкес ол емдеу шараларына жүгінбеген. Сонымен қатар, сотталғанның жақын туыстары, көршілері, сондай – ақ бұрынғы әріптестерінен де сұрау алынды, - деп түсіндірді пробация қызметінің аға инспекторы Ризабек Алин.
Қашқынды таба алмай, пробация қызметкерлері сотталғанды іздестіру және бұлтартпау шараларын белгілеу үшін Ақтоғай аудандық сотына материал жолдады. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап сотталғанды іздестірумен Облыстың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері пробация инспекторларымен бірлесіп айналысты. Тамыз айында қашқын Павлодар қаласының жатақханаларының бірінен табылып, тергеу изоляторына қамалды.
– Жауап алу кезінде ол осы кезең бойы алкогольді асыра пайдаланғанын және әртүрлі жатақханаларда достарымен бірге тұрғанын, пробациялық бақылаудан жасырынғаны үшін жауапкершілік туралы білгеніне қарамастан, туыстарының ешқайсысымен байланыс орнатпағанын түсіндірді. Өйткені, бұл жазаны өтеуден қасақана жалтару, - дейді пробация қызметкері Ризабек Алин.
Айта кету керек, қашуда жүрген кезіндегі мерзімі оған есептелмейді, сотталғанның тағдырын сот шешеді. Егер пробация қызметінің жазаны ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылса, сотталған бір жылдан астам уақытын колонияда өткізеді.