Ақмола облысының колониясында спартакиада өтті

Ақмола облысының колониясында спартакиада өтті

ҚР Конституциясы күніне арналған спартакиадада Ақмола облысының сотталғандары спорттың жеті түрінен жарысқа түсті.
Ақмола ҚАЖ департаментнің орташа қауіпсіз мекемесінде мемлекеттік мереке күні сотталғандар арасындағы спартакиаданың қорытындысы шықты. Бір апта бойы сотталғандар спорттың жеті түрінен жарысқа түсті: футбол, волейбол, үстел теннисі, 100 метрге жүгіру, армреслинг, шахмат және гір спорты.
Футбол мен волейболдың финалы ерекше есте қалды. Салмақ көтеру сынақтары, үстел теннисіндегі командалық және жеке сынақтарда керемет өтті.
Апта бойы барлық жерде өткізілген ойындардың талқылануы, келесі ойындарға дайындық, сотталғандардың-спортшылар мен жанкүйерлердің командалық толқуы естілді. Бір апта бойы режимдік мекеме спорт лагеріне айналды.
Жарысты қорытындылау Конституция күні орай салтанатты түрде өтті. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін көптен күткен марапаттау рәсімі басталды. Спортшыларды кубоктар мен медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар күтіп тұрды.
«Айта кету керек, дене шынықтырудан оң нәтиже тек сауықтыру функцияларына ғана байланысты емес. Спортпен айналысу көтеріңкі көңіл – күй мен өмірге бейімділіктің кепілі болып, сондай-ақ жемісті еңбек ету үшін тамаша негіз болып табылады», - дейді мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов.