БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері «Мектепке жол» акциясын қолдайды

БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері «Мектепке жол» акциясын қолдайды

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты-жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау. Іс-шара еліміздің әр ауданында және қаласында өткізіледі.
Оралда биыл «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала мектеп құралдарын алды.
Орал қаласының пробация қызметкерлері «Арман» қайырымдылық қорымен бірлесіп пробация қызметі басшылығының бастамасы бойынша дәстүрге айналған осы тамаша акцияны қолдап, көп балалы отбасынан шыққан балаларға рюкзактар мен мектепке кере заттарын табыс етті.
– Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Балалар, сіздерге табысты оқу үшін қажеттінің барлығын табыстай отырып, сіздер білімге, ғылымға құмар болып, еліміздің лайықты азаматтары болып өсесіздер деп үміттенеміз, – деп ҚАЖ қызметкерлері балаларға өсиеттеррін айтты.
Оқушылар сыйлықтарды қабылдай отырып, олар қашықтықтан емес, мектеп қабырғасында оқитындарына, сыныптастарымен, мұғалімдерімен кездесуге қуанышты екенін айтты.
- Балаларыма осындай үлкен көмек ұйымдастырғаны үшін көп рахмет айтқым келеді. Сіздергеге зор денсаулық және ауыр еңбектеріңізде жемісті жұмыс тілеймін, - деп атап өтті көп балалы аналардың бірі.