
Конституция күні қарсаңында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/11 мекемесінің сотталғандары Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын білдіретін отыз метрлік коллаж салуға шешім қабылдады.
Түзеу мекемелерінде атаулы күндерге арналған шығармашылық байқаулар жиі өткізіледі. Алайда, АК-159/11 мекемесінің сотталғандары мекеме әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұзындығы 30 метр коллаж салу туралы бастама көтерді. Коллаж қарындаштармен, акварельдермен және гуашьпен салынды.
- Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай отыз метрлік коллаж салу идеясы туды. Әр суретте еліміздің маңызды оқиғалары көрсетілген: ұлттық валютаны енгізу, мемлекеттік рәміздерді бекіту, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау, Азиада – 2011. Мен өз суретімде Елордамыздың көрікті жерлерін суреттедім, өйткені Мен өзім Нұр-Сұлтанның тумасымын, – деді АК-159/11 мекемесінің сотталғандарының бірі.
Коллаж жасау үшін барлық қажетті материалдарды мекеме әкімшілігі ұсынды. Коллаж жасау сотталғандарға шамамен бір аптаға созылды.