
57 жастағы ер адам Павлодар облысының аудан орталықтарының бірінде тұрады. Көршісінің металл құбырларын ұрлағаны үшін ол 3 жылға бас бостандығының шектелуіне сотталған.
- Тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде оның жұмысқа орналасқандығы және жәбірленушіге келтірілген зиянды өтегені анықталды. Үйінде жалғыз тұрады. Қылмысты алкогольдік мас күйінде жасаған, ал қазіргі таңда ол алкогольді ішімдіктерді ішуді қойып, заңға бағынушылықты ұстанады», - деп түсіндірді пробация қызметі.
- Ер адамның айтуынша Павлодарда тұратын екі ұлы да онымен қарым-қатынасты тоқтатқаны белгілі болды. Бұрын олар әкелеріне қонаққа келіп жүрген, ал соңғы кезде ұлдарынан хабар жоқ. Сотталған бұл туралы қатты уайымдайды, бірақ қазір өз ұлдарына баруына мүмкіндігі жоқ», - дейді пробация қызметкері Дастан Килибаев.
Пробация қызметкерлері сотталғанның ұлдарымен хабарласып, мән -жайды түсіндірді, әкесі оларды күтіп жүргенін және жақында сырқаттанып қалғанын жеткізді. Біраз уақыттан кейін сотталған адам тіркеуге келгенде оған алдымен кіші баласы, содан кейін үлкені телефонмен хабарласқанын қуана айтты. Жақын адамдар арасындағы байланыс қалпына келтірілді.
Қазір біздің есепте тұрған ер адамның кенже ұлы үйленетінін айтып, жақында ол келінді әкесімен таныстырды. Біз оның соңғы кезде қалай өзгергенін көріп отырмыз, жүзі қуанышқа толып, болашаққа жоспарлар құрып, болашақ немерелеріне әткеншек жасай бастады – деп бөлісті пробация қызметкері Дастан Килибаев.
Пробация қызметі сотталғандардың тәртібі мен жұмысқа орналасуын бақылап қана қоймай, олардың күнделікті өмірде кездесетін кейбір мәселелерін шешуге көмектесетінін атап өту қажет.