
Әділет капитаны Мұхаммед Қияқбаев Павлодар облысы Ертіс ауданы Кутузов ауылында туып өскен. Жас офицердің ата-анасы осы күнге дейін сол ауылда тұрады. Мұхаммед өзі айтқандай, ата-аналарына жиі бара алмайды.
– Қазір негізгі уақытымды жұмыста өткіземін, ата-анама сирек барамын. Көбіне олар маған немерелерін көруге келеді, - дейді ол. Мұхаммед бала кезінен погон тағып, құқық қорғау органдарында қызмет етуді армандадым дейді.
- Біздің ауылда учаскелік инспектор болған, оны бәріміз білетінбіз. Мен кішкентай кезімде ол көше бойымен жүрді, біз бәріміз Қайрат ағаға зор ықыласпен қарадық. Оны бәрі құрметтейтін – үлкендер де, кішілер де, тіпті жергілікті маскүнемдер де оны әрқашан әкесінің атымен атайтын. Қайрат аға әрдайым формасын киіп жүретін. Мен оны ешқашан азаматтық киімде көрген емеспін. Бір күні анам мен әкем оны шәйға шақырды, сосын ол үйге кірген кезде менің басыма өзінің милицейлік бас киімін кигізді. Менің қуанышымда шек болмады... Дәл осы сәттен бастап мен құқық қорғау органдарының қызметкері болуды армандадым, – дейді жас офицер.
2007 жылы Мұхаммед «Құқықтану» мамандығы бойынша Қайнар колледжіне оқуға түсті. 2011 жылы әскерде мерзімді қызмет атқарды. Әскердегі қызметінен кейін Мұхаммед ҚР ІІМ Қостанай академиясына түсуге шешім қабылдады. Диплом алып, 2017 жылы Мұхаммед Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 қатаң режимдегі мекемесіне жасақ бастығы лауазымына тағайындалды.
-Қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызмет бұл тек бұйрықтар мен заңдар ғана емес, бұл ең алдымен адамдармен олардың тағдырлары. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандардың бәрі сүрініп, қателіктер жібергедер... Біздің міндетіміз - адамның жақсарып, түзелуіне барынша көмектесу. Шынымды айтсам, мен қайда жұмыс істейтінімді айтқан кезде, көптеген адамдар «Бұл сізге не үшін керек?» деп сұрақ қояды. Мен бұл өмірде әркімнің өз мақсаты, мақсаттары мен жолы бар деп жауап беремін. Ия, олар қылмыскерлер, қылмыс жасаған және сол үшін жазаларын өтейді. Бірақ ерте ме, кеш пе олар бостандыққа шығады, қоғамға оралады. Сондықтан біздің міндетіміз - олардың қалыпты өмірге оралуы, жұмыстарын істеп, отбасыларын асырауы. Сотталған - ол біреудің ұлы, ағасы, күйеуі және әкесі, – дейді Мұхаммед Қияқбаев.
Жас офицердің айтуынша, сотталғандар арасында қорытынды жасамай, қайтадан темір тордың арғы жағына түсетіндерде бар екен. Психологтар мен жасақ бастықтары да олармен тұрақты түрде жұмыс істеуге тырысады.
- 30 тамыз-жыл сайын Мен үшін ерекше күн. Бұл күні мен үйленіп, шаңырақ көтердім. Менің ойымша, бұл кездейсоқ емес, бәрі осылай болды. Мен биыл 30 жастамын, ал 30 тамыз - үйлену тойымның мерейтойы. Мен бақытты адаммын деп ойлаймын», - дейді Мұхаммед.
Жас офицер екі бала тәрбиелеп отыр. Офицер үшін ең бастысы – балаларына үлгі болу.