
45 жастағы ақмолалық кәсіпкерлердің бірі Ақмола ҚАЖД мекемесінің аумағында жұмыс істей жүріп, колонияға насвайдың 10 қорабын және 3 грамнан астам гашиш алып өтуеге тырысқан, бірақ жұмысқа келген кезінде бақылау-өткізу пунктінде мекеменің тексеру тобының қызметкерлерімен ұсталды. Ер адам есірткіні темекі қорабына, ал насвайды түскі ас пакетіне салған.
Борис бірнеше жыл бойы колонияның өндірістік аймағында жұмыс істеп, жақсы жағынан көзге түскен. Жақында шебер болып тағайындалды.
Бұл факті бойынша материалдар жиналды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.