
Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/25 мекемесінің сотталғандары ұялы телефонын өткізу үшін қызметкерге пара бермекші болды.
АК-159/25 мекемесі қызметкерлерінің бірінен үш сотталған ақшалай сыйақы үшін тыйым салынған затты, атап айтқанда ұялы телефонды режим корпусына алып өткізуін сұрады. Сотталғандардың жоспары бойынша бостандықта қызметкерге сотталғандардың бірінің танысының мобильді құрылғысы берілуі керек еді, сондай-ақ ақша карточкалық шотқа түсетінін жеткізген. Бұл ұсыныс туралы қызметкер Қарағанды облысы ПД ӨҚБ-ға баяндады.
Мобильді құрылғыны беруден бір күн бұрын қызметкердің ақша шотын толтыру фактісі тіркелді. Оның шотына 25 000 теңге жіберілгені анықталды. Келесі күні жедел бөлім қызметкерлері Қарағанды облысы ПД ӨҚБ қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандарға арналған «Samsung J5» маркалы ұялы телефонды беру әрекеті кезінде 34 жастағы ер адамды ұстады.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.