Ақмола облысының ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазғы спартакиада басталды

Ақмола облысының ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазғы спартакиада басталды

Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме базасында «Қазақстан Республикасындағы спорт күніне» арналған жазғы спартакиада өткізілді.
Спорттық мереке «Антарес А» және «Өмір жолы» қоғамдық қорының қолдауымен өтті.
Спартакиада ҚАЖ мекемелерінде жақсы дәстүрге айналды. Көптеген жылдар бойы жыл сайын түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп келеді. Сотталғандар бұл күнді әрқашан асыға күтеді.
Биыл шағын футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылды.
«Дене шынықтыру бізге дағдарыс кезеңінен өтуге көмектеседі, өйткені спорт мазасыздықты азайтады және физикалық, психологиялық қалып-күйді жақсартады. Қазір, бұрын-соңды болмағандай, біз пандемияны жеңіп, осы дағдарыстан әлденіп шығу үшін бір жұдырықтай жұмылып бірге әрекет етуіміз керек».
- Спартакиаданы аша отырып, мекеме бастығының орынбасары Ерлан Смағұлов сөз сөйледі. Спартакиадаға сотталғандардың басым бөлігі қатысты. Әзірге сотталғандар-спортшылар күш-жігерімен, ептілігімен, дене дайындығымен көзг түсті – өз кезегінде алтынмен апталған кубоктар мен грамоталар өз жеңімпаздарын күтті.
Сонымен қатар, іс - шара қонақтары «Антарес А» және «Өмірлік жол» қоғамдық қорының өкілдері мекемеге естелік сыйлықтар, спорттық құрал-жабдықтар, футбол және волейбол доптарын, үстел теннисіне арналған ракеткаларды сыйлады.
«Мекеме әкімшілігі керемет іс - шара ұйымдастырды, - дейді сотталғандардың бірі шексіз қуаныш сезімімен», - шынымды айтсам, қазіргі жағдайға байланысты биыл мұндай іс-шараны күтпеген едік. Дегенмен барлық сотталғандардың атынан осындай спорт мерекесін ұйымдастырғаны үшін мекеме басшылығына алғыс айтқым келеді.