
Негізін қалаушы бостандыққа шыққан сотталғанның әйелі болды. Сайт арқылы азық-түлікке, гигиена құралдарына және бас бостандығынан айыру орындарында рұқсат етілген басқа да тауарларға тиімді бағамен және үлкен ассортиментте тапсырыс беруге болады.
-Мен өз тәжірибемнен мұны білемін, үлкен пакеттермен тұрып, саған кезек келгенше күтіге тура келеді, өйткені жақында менің жұбайым бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды , біз пандемия кезінде азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды беру процесін жақсарту және жеңілдету өте өзекті болады деп шештік, сондықтан өз интернет - дүкенімізді ашу идеясы пайда болды, - деп бөлісті дүкеннің негізін қалаушы Анар Алдамбергенова.
Енді тергеу изоляторындағы туыстары интернетке қосылған кез-келген құрылғыдан азық-түлік сатып ала алады және мекемеге жеткізу дүкен есебінен толығымен ұйымдастырылады. Тапсырыс беру сайтта жасалады, сосын курьер дайын сәлемдемені тергеу изоляторына жолдайды.
- Дүкен ассортиментінде мекеменің арғы жағында тұрған барлық қажетті заттар бар, ең бастысы – төлемді үйден шықпай - ақ жасауға болады, - деп интернет-дүкеннің алғашқы пайдаланушыларының бірі өз пікірімен бөлісті.
Алдағы уақытта дүкен терминалдарын әзірлеу жоспарлануда, олар сотталғандардың өздері тапсырыс бере алатындай етіп мекеме ішінде орнатылатын болады.
-Әрбір сотталған үшін логин мен пароль қарастырылған, оның есептік жазбасы арқылы тапсырыс беруге болады, - деп түсіндірді ведомствода.