
Оқиға Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/1 мекемесінде болған. Сотталғанға сәлемдемені тексеру барысында тортты кесу кезінде ұялы телефон табылды. 1976 жылы туған сотталған ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ерекше пакетті оған танысы алып келген.
-Мекемеге тыйым салынған заттарды кіргізбеу үшін сотталғандармен және олардың туыстарымен үнемі әңгімелесу жүргізіледі. Дегенмен, келушілер қызметкерлердің салғырттығына үміттеніп, жаңа әдістерді ойлап табады. Сондықтан тергеу изоляторына келген барлық сауқаттар мен сәлемдемелерге мұқият тексеру жүргізіледі. - деп түсіндірді АП-162/1 мекемесінің бастығы Әділхан Қапышев.
Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал әкімшілік сотқа жіберілді. Айтпақшы, ҚР ӘҚБтК -нің 481 -бабына сәйкес, мұндай әрекет ескертуге немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға құрал немесе зат болған объектіні тәркілеумен, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.